АҚШ азаматтары асырап алған қазақ баласы Көкшетаудағы әке-шешесін іздейді
Деррик есімді жігіттің іздеу салуы әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері тарап жүр.
АҚШ азаматтары Көкшетаудан алып кетіп, асырап алынған Деррик есімді жігіт Қазақстаннан әке-шешесі мен туыстарын іздейді. Ол 1999 жылы 26 шілдеде (26.07.1999) Көкшетау қаласының перзентханасында дүниеге келген. Туғандағы есімі Сәбитов Руслан Серікұлы.
Анасы: Сәбитова Алма Абайқызы. Бір құжатта 25 жаста деп көрсетілген, бірақ құжаттың басқа құжатында туған күні 1.1.1970 жыл делінген. Әкесі Серік Сабитов деп жазылған. Анасының тұрғылықты мекен-жайы: Тайынша (бұрынғы Красноармейск), Школьная көшесі 40А.