аза стан- збекстан шекарасында ы тк зу бекеттер н ж мысы туралы

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы туралы

ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатқанын хабарлайды.

Атап айтқанда, «Жібек жолы» өткізу пунктінде бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» БӨП-те құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуіне байланысты.

Сондай-ақ қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.

Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

ҰҚК баспасөз қызметі

Комментарии