ызылордада ит мектеп о ушысын талап, б рнеше адам а шапты

Қызылордада ит мектеп оқушысын талап, бірнеше адамға шапты

Қызылорда қаласында бос жүрген ит шамамен 7, 8-дер шамасындағы оқушы балаға шабуылдап, оны жерге құлатқан видео тарап жатыр.

Иығына сөмкесін асынған бала жерде етпетінен жатып, қос алақанымен бетін жауып алған. Ал ит еш «саспастан» аяғымен баланың үстінен басып, «тағы кім бар» дегендей жан-жағына қарайды. Жан-жақтан «кет, кет» деп айғайлап жатқан адамдарға да «пысқырмайды».

Видеодан көрінгендей, осы кезде үй жануары тұрғын үй кіреберісінен шыға берген адамдарға қарай жүгіріп, тіпті кіреберіске кіріп кетеді.

Комментарии